Сезім мүшелері
- Сенсорлық жүйелердің шеткері бөліктері болып табылады.
- Көру, есту, статокинетикалық, йіс сезу және дәм сезу тітіркеністерін қабылдауға маманданады.
- Құрамында рецепторлар болады, олар:
- нейрондардан тұрады — нейросенсорлықнемесе бірінші реттік сезімтал рецепторлар (көру және йіс сезу мүшелері);
- маманданған эпителий жасушаларынан тұратын және нейрондардың сезімтал аяқтамаларымен байланысқан — сенсо-эпителиальдықнемесе екінші реттік сезімтал рецепторлар (есту, тепе-теңдік сақтау және дәм сезу мүшелері).
Сенсорлық жүйе (анализатор)
- Сыртқы немесе ішкі орталардан келетін сигналдарды қабылдайтын және алынған мәліметтердің талдауын және оған жауап қалыптастыратын құрылымдар кешені.
- Құрамында:
- шеткері бөлік — сигналды қабылдайды және оны жүйкелік импульске айналдырады;
- аралық бөлік — жүйкелік импульс бас миына жеткізілетін өткізу жолдары;
- орталық бөлік — мүшеге сәйкес жүйкелік орталық.