Жүйелік гистология: атлас

Back to top

Эндокриндік жүйе

Эндокриндік жүйе

  • организмнің реттеуші және біріктіруші жүйесі болып табылады да, оның ішкі ортасының тұрақтылығын (гомеостазын) қамтамасыз етеді.
  • Құрамында эндокриндік бездерді, эндокринді емес мүшелердегі эндокринді жасушалардың жиынтығын, жеке орналасқан эндокринді жасушаларды ажыратады, сонымен қоса жүйеге гипоталамустың нейросекреторлық ядроларын және нейрогемальдық құрылымдарды да жатқызады.
  • Жүйені құрайтын элементтер ішкі ортаға (тіндік сұйықтыққа, қанға, лимфаға, ликворға) гормондарды өндіріп шығарады, гормондар организмнің тіршілігінің гуморальдық деңгейдегі реттелуін жүргізеді.

Эндокриндік бездер (ішкі секреция бездері):

  • жеке компактты өз бетімен жұмыс атқара алатын құрылымдар болып табылады;
  • шығару өзектері болмайды;
  • жақсы тамырланадыжәне көбінесефенестрленген капиллярлары болады (көбінесе қуысы кең болады — синусоидтар болып келеді және перикапиллярлық кеңістіктері өте ауқымды болады);
  • бұларға эпифизді, гипофизді, қалқанша безін, қалқанша маңы безін, бүйрекүсті безін жатқызады.

Эндокринді емес мүшелердегі эндокринді жасушалалардың жиынтығы:

  • басқа жүйелердің мүшелерінде кездеседі және бұл мүшелер ерекше қызметтерді атқаруға маманданған болып келеді (асқорыту, зәр шығару, репродукция және т.б.);
  • құрылымдық құралуы бойынша эндокринді бездерге ұқсас болады;
  • ұйқы безінде, аталық және аналық бездерде, бүйректе, жүректе, тимуста, плацентада болады (бұл мүшелердің эндокриндік құрылымдары жүйелік гистологияның тақырыптарға сәйкес тарауларында талданылады).

Жеке орналасқан эндокриндік жасушалар:

  • мүшелердің жабу эпителийлерінде және олармен байланысты экзокринді бездерде орналасады;
  • олардың жиынтығы организмнің дисперсті (диффузды) эндокринді жүйесін (ДЭЖ) құрайды.

Гипоталамустың нейросекреторлық ядролары — қанға өздерінің өндірген гормондарын бөліп отыратын нейрондардың жиынтығы болып анықталады, сондықтан оларды нейроэндокриндік (нейросекреторлық) жасушалар деп атайды.

Нейрогемальдық құрылымдар:

  • өздері гормон түземейді, тек нейроэндокриндік жасушалардың гормондарының қорланатын және қанға бөлінетін жері болып қана қызмет атқаратын элементтер болады;
  • құрамында нейроэндокриндік жасушалардың аксондарының аяққы бөлімдері болады және олар қанкапиллярларының қабырғасымен нейрогемальдық (аксовазальдық) синапстарды құрайды;
  • оларға гипоталамустың және нейрогипофиздің орталық томпаймалары жатқызылады.

Гормондар:

  • жоғары биологиялық белсенділігі бар заттар — олар аз мөлшерде ықпал жасай алады;
  • ықпалын таңдап жүргізе алады, оған нысаналы жасушалардың цитоплазмасында немесе плазмолеммасында болатын гормондарға деген ерекше рецепторлардың болуы жағдай жасайды;
  • химиялық тұрғыдан әртүрлі химиялық заттарға жатады: амионоқышқылдардың туындылары, стероидтар, биогенді аминдер
  • бұл заттардың әсерлері нысаналы жасушаларға жасалынатын ықпалдың нәтижелері болып табылады:
    • эндокриндік — басқа мүшелердің жасушаларына қан арқылы ықпал жасау (дистантты немесе алыстан);
    • паракриндік — басқа типті жасушаларға сол тіннің немесе мүшенің шегінде әсер ету (жергілікті);
    • аутокриндік — қасында орналасқан өзі типтес жасушаларға әсер ету (локальды).

Эндокриндік жүйеде орталық және шеткері бөліктерді ажыратады.

Для продолжения работы требуется регистрация