Жүйелік гистология: атлас

Back to top

Тыныс алу жүйесі

Тыныс алу жүйесі

  • Атқаратын қызметі сыртқы тыныс алу — сыртқы және организмнің ішкі ортасының арасындағы газ алмасу.
  • Сонымен қоса тыныс алуға жатпайтын біршама қызметтерді де атқарады (қанды қоймалау, терморегуляция, коагулогенез, су мен тұздың және липидтердің алмасуы, эндокриндік, иммундық).
  • Жүйенің құрамына: мұрын қуысы мен мұрын маңы синустары, мұрынжұтқыншақ, көмей, кеңірдек, басты бронхтар және өкпе кіреді.
  • Құрылымдық және функциональдық тұрғыдан ауа өткізу жолдары және респираторлық бөлімге бөлінеді.

Ауа өткізу жолдары

  • Сыртқы ортаны өкпенің респираторлық бөлімімен байланыстыратын түтікшелі қуыс мүшелер кешенінен тұрады.
  • Ішке кірген ауаның тасымалдануын, жылынуын, ылғалдануын және тазартылуын қамтамасыз етеді; дауыстың түзілуіне және хеморецепцияға қатысады.
  • Өкпеден тыс және и өкпеішілік болып бөлінеді.

Ауа өткізу жолдарының қабырғасын шырышты қабықша, шырыш асты негіз, фиброзды-шеміршекті қабықша және адвентициальдық қабықша құрайды. Өепеден тыс және өкпеішілік ауа өткізу жолдарының бойында бұл қабықшалардың даму деңгейі мен тіндік құрамы өзгеріп отыруы заңды құбылыс.

Ауа өткізу жолдарының ішкі беті респираторлық (бірқабатты көпқатарлы кірпікшклі) эпителиймен қапталған, ол мүшелердің қабырғаларында болатын секреторлық элементтермен біріге отырып, мукоцилиарлық тасымал жүйесін қалыптастырады, бұл жүйе шырышты қабықшаны оның үстіне шөгетін шаң-тозаңнан және микроорганизмдерден тазартады.

Респираторлық бөлімдер

  • өкпе паренхимасын құрайды.
  • Өкпеге капиллярлар арқылы келген қанменен өкпе альвеолаларындағы ауа араларында газ алмасуды қамтамасыз етеді.
Для продолжения работы требуется регистрация