Жүйке жүйесі
- Анатомиялық және қызметтік өз-ара байланысты құрылымдардың жиынтығынан құралған, олар организмнің мүшелерінің және жүйелерінің қызметтерінің реттелуін, координациясын және интеграциясын, және сыртқы ортамен әрекеттесуін қамтамасыз етеді.
- Бір-бірімен байланыста болатын, кем дегенде триллион нейрондардан құралған, күрделі коммуникация жүйесін қалыптастырады.
- Көптеген рецепторлардың көмегімен әртүрлі стимулдарды қабылдайды, оларды жүйкелік импульстерге айналдырады (трансформациялайды), импульстер жүйкелік орталықтарға өңдеуге және сәйкес жауап қалыптастыруға барып, одан эффекторлар арқылы нысана-мүшелерге бғытталады.
Анатомиялық тұрғыдан екіге бөлінеді:
- орталық жүйке жүйесіне (ОЖЖ);
- шеткері жүйке жүйесіне (ШЖЖ).
Қызмет атқаруына байланысты бөлінеді:
- сомалық (анимальдық);
- автономдық (вегетативті).
Жүйке жүйесінің қызмет атқаруының морфологиялық субстраты (негізі) рефлекторлық доғалар болып табылады.
Рефлекторлық доғалар:
- нейрондық ансамбльдерден (нейрондардың тізбегінен) құралады, олар сыртқы немесе ішкі ортадан келген сигналдарға жауап беруді қамтамасыз етеді;
- құрамында болады:
- афферентті бөлімі — сезімтал нейрон, ол рецептордың көмегімен сигналды қабылдайды және ОЖЖ әртүрлі бөліктеріне мәліметтерді жеткізеді;
- ассоциативті бөлімі — ендірме нейрондар (интернейрондар), алынған мәліметтің талдауын, интеграциясын және сигналдарды қимылдатқыш нейрондарға жеткізеді;
- эфферентті бөлім — қимылдатқыш нейрон, эффекторлық жүйкелік аяқтамалар арқылы алынған сигналды жұмыскер құрылымдарға жеткізеді;
- сигналдарды тек бір бағытта ғана жүргізеді — сезімтал нейронның рецепторынан қимылдатқыш нейронның эффекторына қарай өткізеді, бұл нейрондардың араларында синапстық байланыстардың болуына байланысты.
Қарапайым және күрделі рефлекторлық доғаларды ажыратады. Қарапайым рефлекторлық доғалар тек сезімтал және қимылдатқыш нейрондардан тұрады. Күрделі рефлекторлық доғалардың құрамына ендірме нейрондар да кіреді (біреу және одан көп). Рефлекстердің көпшілігін күрделі рефлекторлық доғалар іске асырады, олар жұлынның да, бас миының да жүйкелік орталықтары арқылы өтеді.