Жүйелік гистология: атлас

Back to top

Несеп жүйесі (Зәр шығару жүйесі)

Несеп жүйесі

  • Зат алмасудың қалдықтарын және бөгде заттарды организмнен сыртқа шығаруға маманданған мүшелер жүйесі, организмнің ішкі ортасының оңтайлы құрамын (гомеостаз) қамтамасыз етіп, қалыпты тіршілігіне жағдай жасайды.
  • Құрамына несепті түзейтін (бүйректер), жинақтайтын және оны сыртқа шығаратын мүшелер (несепағар, қуық және зәр шығару каналы) кіреді.

Бүйрек

  • Несеп жүйесінің басты жұп мүшесі, ол зәрдің түзелуіне жауапты.
  • Әрбір бүйректе шамамен 1 млн мүшенің құрылымдық-қызметтік бірлігі — нефрондар болады.
  • Бүйректің паренхимасынефрондардың эпителиальдық элементтерінен құралады, строма — дәнекертіндік капсуладан, борпылдақ дәнекер тіннің жұқа қабатшаларынан және мүшеішілік қантамырларынан тұрады.
  • Нефрондар мүшеде таралып орналасады, олардың әртүрлі бөліктері бүйректің қабықтық және милық заттарын түзейді.
  • Бүйректіңтамырлар жүйесініңерекшелігіне оның екі капиллярлық торының болуы жэатады,олар арқылы нефронның әртүрлі бөліктеріне қан дәйекті түрде жеткізіліп отырады.
  • Нефрондарда пайда болған несеп жинақтаушы түтікшелер арқылы бүйрекішілік зәршығару жолдарына әкетіледі.

Қызметтері:

  • шеткері қанның құрамынан зат алмасудың қалдықтарын және бөгде заттарды (экскреторлық қызмет);
  • су мен тұздың алмасуын реттеу;
  • эндокриндік (артериальдық қысымды, эритропоэз үрдістерін реттеу).
Для продолжения работы требуется регистрация