Жүйелік гистология: атлас

Back to top

Аналық жыныс жүйесі

Аналық жыныс жүйесі

  • Аналық жыныс жасушаларының пайда болуын қамтамасыз ететін (овогенезді) және организмнің әйел адамға тән қалыптасуы мен қызмет атқаруына жауапты аналық жыныс гормондарын өндіретін репродуктивтік жүйесі мүшелерінің жиынтығы.
  • Оларға ішкі (аналық жыныс безі, жатыр түтікшелері, жатыр және қынап) және сыртқы (қасаға, жыныс еріндері, клитор) мүшелер жатады.
  • Аналық жыныс жүйесінің мүшелері:
    • қызметтерін циклмен атқарады (овариальды-менструальдық цикл) қызмет атқару гормондардың және жүйкелік механизмдердің бақылауында репродуктивтік немесе фертильді кезеңде жүреді (9–14 -тен 45–55 жасқа дейін), содан кейін қызметтерін тоқтатып, атрофияға ұшырайды (менопауза);
    • бұл әйелдердің бірінші реттік жыныс белгілеріне жатады әрбір әйел организімінде құрсақішілік даму мезгілінен бастап жүреді.
  • Жыныстық есею кезеңінде жыныстық гормондардың қарқынды бөлінуіне байланысты әйелдің организімінде екінші реттік жыныстық белгілер дамиды (сүт бездерінің дамуы, дауысының тембрі жоғары болады, дене пішімі және шаштардың өсуі әйелге тән жолмен жүреді, май тінінің мөлшерінің артуы, репродуктивті жүйенің циклмен өзгеруі).

Аналық жыныс безі

  • Аналық жыныс жүйесінің жұп мүшесі, мүшеде өтетін процесс овогенездің нәтижесінде гаплоидты аналық жыныс жасушасы пайда болады және аналық жыныс гормондары (эстрогендер, прогестерoн) түзіледі.
  • Құрамында қабықтық және милық заттар бар:
    • қабықтық затта дәнекертіндік стромада орналасқан 1 реттік овоциттердің дамудың әртүрлі сатыларындағы түрлерін көруге болады, оларды сыртынан фолликулярлық эпителий жасушалары қоршап тұрады (кейінгілер эстрогендерді өндіреді);
    • милық зат құрамында қан тамырлары мен жүйкелік аяқтамалары болатын дәнекер тіннен тұрады.
  • қызметін циклмен атқарады — мүшенің өзгерістерге ұшырау жиынтығы овариальды цикл деп танылады (орташа ұзақтығы — 28 тәулік):
    • циклдің бірінші жартысында (фолликулярлық фазасы) аденогипофиздің фолликулбелсендіруші гормонының ықпалымен (ФБГ) 1 реттік овоциттің өсуі жүріп, жетілген (үшінші реттік) фолликулдардың қалыптасуымен аяқталады;
    • циклдің ортасында (14-ші күні) овуляцияның нәтижесінде жетілген фолликулдың қабығы жарылады және овоцит аналық жыныс безінен жатыр түтігіне шығады;
    • циклдің екінші жартысында (лютеиндік фазасында) аденогипофиздің лютеиндендіруші гормонының (ЛГ) ықпалымен овуляциядан кейінгі фолликулдың фолликулярлық жасушаларынан сары денешік дамиды (бұл уақытша эндокриндік без болып табылады, өндіретін заты прогестерoн).
Для продолжения работы требуется регистрация