Қанжасау және иммуногенез мүшелерінің жүйесі
- Маманданған паренхиматоздық мүшелердің (қызыл жілік майы, тимус, лимфа түйіндері, көкбауыр) кешені және асқорыту түтігінің, тыныс алу, несеп шығару және жыныс жүйелерінің қуысты мүшелерінің беттерімен қауымдастырылған, лимфоидты тіннен түзелген құрылымдар.
- Организмнің бір-бірімен байланыста жүретін гемопоэз және иммундық қорғаныс үрдістеріне қатысады.
Негізгі түсініктер және терминдер
Антигендер
- Басқа генотиптің белгілері бар тірі организмдерге, тіндерге және жасушаларға тән (микроорганизмдер және олардың тіршілігінің өнімдері, трансплантаттардың жасушалары мен тіндері, гендік деңгейде өзгеріске ұшыраған меншікті жасушалары) бөгде нәруыздар және нәруыздар емес заттар (липополисахаридтер, нуклеин қышқылдары және т.б.).
- Қорғаныштық реакцияларды жүргізеді және соның барысында танылады және элиминацияланады.
- Олардың молекулаларының құрамында эпитоптардың антигендік детерминаттарының болуының нәтижесінде қалыптасатын — ерекшелігімен сипатталады.
Антиденелер
- Әртүрлі класстардың (IgA, IgD, IgE, IgG, IgM), иммуноглобулиндері, организмде антигендердің пайда болуы кезінде түзеледі де, тіндік сұйықтықтарда, қанда және лимфада айналымда болады.
- В-лимфоциттерде және плазмалық жасушаларда өндіріледі.
- Молекуласында жасушалардың беттерімен байланысатын аймағы (Fc фрагмент) болады және антигендерге мембраналық рецепторлар қызметін атқара алады.
- Антигенбайланыстырушы локустары болады, олардың көмегімен антигендердің эпитоптарын таңдап тани алады және олардың инактивациясын қамтамасыз етеді.
Иммунитет
- Эволюция барысында пайда болған организмнің қорғану әдісі, ол:
- организмге антигендердің түсуіне жол бермеуге;
- организмге түскен антигендерді, сонымен қатар, өзінің меншікті өзгеріске ұшыраған жасушалары мен макромолекулаларын бейтараптандыруға және жоюға бағытталған.
- Арнайы емес және арнайы иммундық реакцияларды қалыптастырып, олардың бір-бірімен әрекеттесуін қамтамасыз ету арқылы іске асырылады.
Маманданбаған (арнайы емес) иммундық жауап (туа біткен иммунитет):
- тұқым қуалаушылық деңгейінде тұрақтандырылған қорғау жүйесі, оны:
- механикалық факторлар (эпителийлік тосқауылдар, мукоцилиарлық тасымал және т.б.);
- биологиялық факторлар ("өзінің" және "бөтен" микроорганизмдердің конкуренциясы);
- химиялық факторлар (мысалы, асқазан сөлінің төмен рН);
- гуморальдық факторлар (өнімдерде, қанда және тіндік сұйықтықтарда болатын микробтарға қарсы заттар);
- жасушалардың тіршілігінің фагоцитарлық және фагоцитарлық емес механизмдері (гранулоциттердің, мес жасушалардың, макрофагтардың, NK-жасушалардың, В1-лимфоциттердің);
- патогеннің пайда болуының алғашқы минуттарында немесе сағаттарында дамиды;
- иммунологиялық есте сақтауды қамтамасыз ете алмайды;
- маманданған (арнайы) иммундық жауаптың даму шарты болып табылады.
Маманданған (арнайы) иммундық жауап (жүре келе пайда болған/бейімделу иммунитеті):
- бөгдетекті немесе өзінің өзгерген антигендерін айрықша танудың және одан кейінгі жүретін индукцияның нәтижесінде пайда болады :
- гуморальдық иммундық жауаптың — эффекторлық жасушалардың антиденелерді өндіруінің ;
- жасушалық иммундық жауаптың — бөгдетекті немесе өзгерген өзінің антигендерін тасымалдайтын нысана-жасушалармен эффекторлық жасушалардың контактты әрекеттесуінің салдарынан түзеледі;
- баяу дамиды (7–10 күн ішінде) және иммуноциттердің:
- селекциясымен бірге жүреді, олар бөтендерді танып, меншікті антигендерге көңіл аудармайды;
- антиденелердің антигентанушы , локустарын кодтаушы гендердің өңделуі (реаранжировка);
- белсендірілген иммуноциттердің клондарын қалыптастыру;
- есте сақтау жасушаларын қалыптастыру атқарылады.