Жүйелік гистология: атлас

Back to top

Жалпы жабу

Жалпы жабу

  • Дененің сыртқы қабықшасы.
  • Организмді сыртқы орта әсерлерінен қорғайды және оның сыртқы және ішкі орталарының араларында тосқауыл болып табылады.
  • Теріден және теріасты негізден (гиподермадан) құралған.

Тері

  • Дененің үстін жауып тұрады.
  • Үлкен, ауқымды мүшелердің біріне жатады: ересек адамның терісінің ауданы 1,5–2,3 м құрайды2, салмағы дене салмағының — 6% дейін болады (теріасты май шелімен бірге — 16% дейін).
  • Көптеген қызметтерді атқарады: қорғаныш, дене қызуын реттеу, рецепторлық, экскреторлық, зат алмасуға қатысу, эндокриндік, иммундық.
  • Құрамына эпидермис (сыртқы эпителийлік қабат) және дерма (ішкі дәнекертіндік қабат) жатқызылады.
  • Терінің туындылары (қосалқылары) болады оларға бездер, шаш және тырнақ жатады.

Теріасты негіз (гиподерма)

  • Теріасты шелінен қалыптастырылған (борпылдақ дәнекер тін қабаттарымен қоршалған ақ май тінінің бөлікшелері).
  • Терінің қозғалғыштығын және оған жанаса орналасқан организмнің басқа бөліктерімен байланысын, жылуды сақтауды, сонымен қоса қоректік заттарды және гормондарды қоймалау.
  • Терінің қалыңдығы оның денеде орналасқан жеріне және адамның тамақтану жағдайына байланысты болады.
Для продолжения работы требуется регистрация