Жүйелік гистология: атлас

К началу

Сезім мүшелері

Сезім мүшелері

  • Сенсорлық жүйелердің шеткері бөліктері болып табылады.
  • Көру, есту, статокинетикалық, йіс сезу және дәм сезу тітіркеністерін қабылдауға маманданады.
  • Құрамында рецепторлар болады, олар:
    • нейрондардан тұрады — нейросенсорлықнемесе бірінші реттік сезімтал рецепторлар (көру және йіс сезу мүшелері);
    • маманданған эпителий жасушаларынан тұратын және нейрондардың сезімтал аяқтамаларымен байланысқан — сенсо-эпителиальдықнемесе екінші реттік сезімтал рецепторлар (есту, тепе-теңдік сақтау және дәм сезу мүшелері).

Сенсорлық жүйе (анализатор)

  • Сыртқы немесе ішкі орталардан келетін сигналдарды қабылдайтын және алынған мәліметтердің талдауын және оған жауап қалыптастыратын құрылымдар кешені.
  • Құрамында:
    • шеткері бөлік — сигналды қабылдайды және оны жүйкелік импульске айналдырады;
    • аралық бөлік — жүйкелік импульс бас миына жеткізілетін өткізу жолдары;
    • орталық бөлік — мүшеге сәйкес жүйкелік орталық.
Для продолжения работы требуется регистрация