Асқорыту жүйесі
- Астың қабылдануын және механикалық өңделуі, асқорыту сөлінің бөлінуін және ас түйіршіктерінің химиялық өңделуін (гидролизін) , қоректік заттардың (нутриенттердің) сіңірілуін, метаболизм өнімдерінің экскрециясын және олардың қорытылмай қалған қалдықтармен бірге организмнен сыртқа шығарылуын қамтамасыз етеді.
- Құрамына асқорыту каналы (асқорыту түтікшесі) және онымен байланысты мүшелер: ірі асқорыту бездері және өт қабы жатады.
Асқорыту түтігі
- Алдыңғы (жоғарғы), ортаңғы және артқы (төменгі) бөліктерге бөлінеді:
- алдыңғы бөлікке:
- ауыз қуысы мүшелері, жұтқыншақ және өңеш жатады;
- бұл бөлікке сонымен қатар үлкен сілекей бездерін де жатқызады;
- бұл бөлікте астың механикалық өңдеуі жүріп, химиялық өңдеуі басталады;
- ортаңғы бөлікке:
- асқазан, жіңішке ішек және тоқ ішек жатады (тік ішектің анальдық каналынан басқасы);
- бұл бөлікке сонымен қатар ұйқы безін, бауырды және өт қалтасын қосады;
- көбінесе астың химиялық өңделуі, ыдыратылған өнімдердің сіңірілуі және нәжістің түзілуі атқырылады;
- артқы бөлік:
- тік ішектің анальдық каналына сәйкес болып,;
- нәжістің эвакуациясына жауапты.
Ірі асқорыту бездері
- Асқорыту түтігінен тыс орналасқан (экстрамуральды), асқорыту түтігімен өзектері арқылы байланысқан және өндірген секреттерін мүшелердің қуысына бөліп шығарады.
- Оларға үлкен сілекей бездері, ұйқы безі және бауар жатады.
Асқорыту түтігінің жалпы құрылымдық жоспары
- Қабырғасы төрт қабықшадан құралады:
- шырышты қабықша:
- ішкі, үш қабаты (табақшалары болады):
- эпителийлік қабат көпқабатты жазық эпителийден (асқорыту түтігінің алдыңғы және артқы бөліктері) немесе бірқабатты бағаналық эпителийден (асқорыту түтігінің ортаңғы бөлігі) тұрады;
- меншікті табақша борпылдақ дәнекер тіннен түзелген;
- бұлшықетті табақша жазық бұлшықет тінінен құралған;
- шырышты қабықшаның микрорельефі асқорыту түтігінің ұзына бойында біркелкі емес;
- шырышасты негіз:
- борпылдақ дәнекер тіннен түзелген;
- шырышты қабықшаның қозғалғыштығына жауапты және мүшенің үстіңгі бетінің макрорельефін қалыптастыратын қатпарларды түзеуге де қатысады;
- бұлшықетті қабықша:
- висцеральды көлденең-жолақты бұлшықет тінінен (асқорыту түтігінің алдыңғы және артқы бөліктері) немесе жазық бұлшықет тінінен құралады (асқорыту түтігінің алдыңғы бөлігінің біраз жері және ортаңғы бөлігі);
- асқорыту түтігінің бөліктерінің немесе мүшелердің шекараларында орналасатын жұмдарды түзейді;
- бұлшықеттің ырғақты жиырылуы асқорыту барысында ас ботқасының араласуына және жылжуына жағдай жасайды;
- сыртқы қабықша адвентициальды немесе сірлі болуы мүмкін:
- адвентициальды қабықша:
- борпылдақ дәнекер тіннен тұрады;
- асқорыту түтігінің алдыңғы және артқы бөліктерінде анықталады;
- сірлі қабықша:
- шажырқайдың висцеральды жапырақшасынан құралады, оған дәнекертіндік табақша және мезотелий жатады;
- асқорыту түтігінің орталық бөлігінің мүшелерін қоршап, құрсақ қуысында ішектердің перистальтикасының еркін жүруін қамтамасыз етеді.
- Қабырғасында:
- интрамуральды (қабырғаның құрамында болатын) бездер:
- эндоэпителиальды орналасқан — аш ішектің және тоқ ішектің бокал тәрізді жасушалары;
- экзоэпителиальды орналасқан, шырышты қабықшаның :
- меншікті табақшасында (ауыз қуысында, өңеште, асқазанда);
- шырышасты негізде (ауыз қуысында, өңеште, ұлтабарда, анальдық каналда);
- бұлшықет қабықшасында (ерінде, ұртта, тілде);
- интрамуральды ганглийлер, бұлшықетаралықтың
- жүйкелік өрім (Ауэрбах өрімі) құрамында — асқорыту түтігі мүшелерінің моторикасын реттейді;
- шырышасты жүйкелік өрім (Мейснер өрімі) — шырышты қабықшаның бұлшықет табақшасының миоциттерінің жиырылуын, шырышты қабықшаның және шырышасты негіздің бездерінің секрециясын реттейді;
- диффузды жиынтықтар, , жеке жатқан немесе агрегаттар құрай отырып беткейлермен біріктірілген лимфа түйіндері түріндегі лимфоидты тін;
- жеке орналасқан гормон өндіруші жасушалар, асқорыту түтігінің ортаңғы бөлігінің мүшелерінде көбірек анықталады және біріге келе гастроэнтеропанкреаттық (ГЭП) эндокриндік жүйені қалыптастырады.
Асқорыту түтігінің мүшелері, асқорытудың сәйкес сатыларын ғана қамтамасыз етіп қоймайды, сонымен қатар иммундық және эндокриндік қызметтерді де атқарады, өйткені асқорыту түтінде лимфоидты тіннің және ГЭП жүйенің жасушаларының біршама ауқымды мөлшері бар.