Цитология жәнежалпы гистология: атлас

Back to top

Жүйке тіні

Жүйкелік талшықтар және жүйкелік аяқтамалар (ұштар)

Жүйкелік талшықтар
  • Нейроциттің өсінділері (осьтік цилиндрлер), сыртынан дәйекті түрде орналасқан глиоциттерден тұратын қабықшамен (шеткері жүйке жүйесінде) немесе олардың өсінділерімен (орталық жүйке жүйесінде) қапталған
  • Глиальдық қабықшаның құрылысының ерекшелігіне байланысты миелинсіз и және миелинді жүйке талшықтарын ажыратады
  • Жүйке талшықтарын құрауға қатысатын шеткері жүйке жүйесінің глиоциттері леммоциттер (шванн жасушалары) деп аталады
Шеткері жүйке жүйесінің жүйкелік талшықтары

Миелинсіз жүйкелік талшықтар

  • сыртынан базальды мембранамен қапталған қалыңдығы 1-4 мкм болып келген жіпшелер, нейрондардың бірнеше (5-20) жіңішке өсінділерінің (көбінесе дендриттердің) леммоциттердің біраз бөлігінде немесе ұзына бойына леммоциттердің беттерінің тереңдемелеріне ене орнығуынан пайда болады
  • және қозудың өтуін аздаған жылдамдықпен (1-2 м/сек) қамтамасыз етеді

Миелинді жүйкелік талшықтар

  • сыртынан базальды мембранамен қапталған жуандығы 8-20 мкм болатын жіпшелер, оларда нейронның бір өсіндісі (көбінесе - аксон) глиоциттің бүкіл ұзындығында леммоциттердің цитоплазмасына еніп тұрады және иірімді қатпарлы (миелинді) қабықшамен қоршалған, бұл қабықша леммоциттердің плазмолеммасының дупликатурасының көптеген қабаттарынан (мезаксоннан тұрады)
  • көршілес орналасқан леммоциттердің байланысатын аймақтарында миелинді қабықша болмайды және олар Ранвье түйіні деп аталады
  • деполяризация толқыны бір түйіннен екінші түйінге секіре өткізіледі, сондықтан жүйкелік импульстің өту жылдамдығы жоғары (5-120 м/сек) болып келеді
Орталық жүйке жүйесінің жүйкелік талшықтары

Миелинді жүйке талшықтары

  • нейроциттің өсіндісі ұзына бойына иірімді қатпарлы айналмалы қабықшамен қоршалған, қабықшаны глиоциттердің жұқа жазықтанған өсінділері түзейді (орталық жұйке жүйесінің олигодендроглиоциттері)
  • бір глиоциттің денесінен 40-50 -ге дейін өсінді шығады, бұл өсінділер бір мезгілде бірнеше талшықтардың қабықшаларын құрауға қатысады

Нейрондардың миелинденбеген өсінділері

  • оларда маманданған глиальдық қабықшалар болмайды
  • нейроциттер мен нейроглияның араларында еркін орналасады, бір-бірінен астроциттердің өсінділерімен оқшауланады
Жүйкелік аяқтамалар
  • сезімтал нейрондардың дендриттерінің және қимылдатқыш нейрондардың аксондарының ұштарының немесе аяққы бөлімдерінің жиынтығы
  • қызметтік мамандануына байланысты келесі түрлері ажыратылады рецепторлық (афферентті) және эффекторлық (эфферентті)

Рецепторлық (афферентті) жүйкелік аяқтамалар - сезімтал нейрондардың дендриттерінің терминальды тармақтары:

  • бос, еркін (өсіндінің сыртында глиальдық қабықша болмайды)
  • бос емес капсуламен қапталмаған (өсінділері глиальды элементтермен қапталған)
  • бос емес капсуламен қапталған (өсінділері глиальды қабықшамен және сыртынан - дәнекертіндік капсуламен қапталған)

Эффекторлық (эфферентті) жүйкелік аяқтамалар

  • қимылдатқыш неғйрондардың аксондарының терминальдық бөліктері
  • құрылымы бойынша химиялық синапстарға жатады, оның постсинапстық бөліктері жұмыскер мүшелердің (бұлшық еттер, безді жасушалар) тіндік элементтерінің плазмолеммаларының маманданған аймақтары болып табылады
  • нейротамырлық (жүйкетамырлық) синапстар нейросекреторлық нейрондардың эфферентті өсінділерінің терминальдарынан нейрогормондардың капиллярлар арнасына тасымалдануын қамтамасыз етеді