Цитология жәнежалпы гистология: атлас

Back to top

Жүйке тіні

Нейрондар және нейроглия

Нейрондар
  • Әрбір нейронның құрамына жасуша денесі мен оның ядросы кіреді (перикарион) және коллатеральдарымен қоса есептелетін өсінділері (бір эфферентті - аксон) және саны әрқилы болатын афферентті (дендриттер кіреді)
  • В өсінділерінің санына байланысты бүкіл нейрондар келесі топтарға жіктеледі униполярлы, жалғануниполярлы, биполярлы және мультиполялы
  • Униполярлы нейрондарда бір өсінді болады, сүтқоректілерде және адамда тек эмбриогенезде ғана анықталады (нейронның қалыптасуының бастапқа кезеңінде), ересек организмде кездеспейді
  • Жалғануниполярлы нейрондар - жасушаның денесінен жалғыз өсінді шығады, ол Т-әрпіне ұқсас екіге аксон және дендритке бөлінеді (нжүйкелік импульс дендриттен тікелей аксонға, перикарионға соқпастан, жеткізіледі)
  • Биполярлы нейрондар екі өсінділері (аксон ижәне дендрит) болады, олар жасушаның әртүрлі полюстерінен шығады
  • Мультиполярлы нейрондар оларда үш және одан да көп өсінділері болады, олардың біреуі аксон болып табылады; бұлар нейрондардың организмде ең көп тараған түрі болып келеді ( 80-ге дейін морфологиялық түрлері ажыратылады)

Нейросекреторлық нейрондар - нейрондардың ерекше түрі мультиполярлы нейрондарға жатады, олар нейрогормондарды өндіруге және бөліп шығаруға маманданған

  • нейрондардың перикариондары гипоталамуста жиынтықтарды (ядроларды) қалыптастырады
  • нейрогормондарды эфферентті өсінділердің терминальдарынан гипоталамустың орталық биіктігінің немесе нейрогипофиздің капиллярлық арнасына бөліп шығарады