Цитология жәнежалпы гистология: атлас

Back to top

Цитология

Цитология

Цитология - бұл тірі жасушаларды, олардың құрылысын, қызмет атқаруын, , өмірлік циклін (көбеюі, қартаюы және өлуі), эволюциялық өзгергіштігін, өзара және жасушалық емес құрылымдармен әрекеттесуін зерттейтін биологияның бір тарауы. Цитология терминімен қосақазіргі әдебиеттесиноним ретінде жасушалық биология, жасуша биологиясы терминдері де қолданылады.

Жасуша -тіршіліктің ең кіші құрылымдық-қызметтік бірлігі болып, оның барлық негізгі қасиеттерін жаңғырта алады.

Прокариотты жасушалардың ядролары болмайды және хромосомалары цитоплазмада еркін орналасады; эукариотты жасушаларда ядролары болады.

Эволюция барысында жасуша жеке бірлік түрінде (біржасушалы) немесе организмнің жеке жүйесі түрінде (көпжасушалы) пайда болды, бұл оның құрылымдық құралуының бір деңгейіне ((жасушалық деңгей) сәйкес болып келеді). Жасушалар тіндердің басты элементтері болып табылады.

Адамның организімінде пішіндері, көлемдері, құрылымдық құралу деңгейлері және қызметтік маманданулары айтарлықтай әртүрлі болып келетін 250 - ден астам жасушалар бар.

Әртүрлі жасушалар тіндерге немесе мүшеге тән қызметтерді атқару үшін жасушалық қауымдастықтарды қалыптастыра алады.

Для продолжения работы требуется регистрация