Цитология жәнежалпы гистология: атлас

Back to top

Негізгі түсініктер және терминдер

Жалпы гистология

Жалпы гистология - көпжасушалы организмнің тіндерінің даму заңдылықтарын, құрылысын және қызмет атқаруын зерттеуге арналған гистология курсының тарауы

Негізгі түсініктер және терминдер

Тін
  • организмнің эволюциясында пайда болған жеке жүйесі, ол организмнің құрылымдық құралуының бір деңгейіне сәйкес болады (молекулярлық - жасушалық - тіндік - мүшелік)
  • негізгі элементтері ретінде жасушалар ажыратылады, және, сонымен қатар, олардың туындылары - жасушааралық зат, жасушаүстілік құрылымдар (симпластылар, синцитиялар), жасушадан кейінгі құрылымдар
  • бір немесе бірнеше жасушалық дифферондардан құралады
  • барлық элементтерінің бірлесе атқаруының нәтижесінде іске асатын ерекше қызметтері болады
Тіндердің филогенезі
  • эволюция барысында тіндер қалыптасып, олардың қасиеттері дивергенцияның - алғашқы көпжасушалы организмдердің жасушаларының белгілі бір қызмет атқару жағдайларына бейімделуінің, олардың белгілерінің бір-бірінен ажырауының нәтижесінде бекітілді
  • жануарлардың әртүрлі эволюциялық топтарында бірдей негізгі қызметтерді атқаруға маманданған (сыртқы ортамен әрекеттесу, гомеостазды ұстап тұру, қозғалысты атқару, организмнің бөлімдерін біріктіріп тұтастандыру) тіндердің пайда болуы қатарласа (параллельді) жүріп, бір-біріне ұқсас құрылымдық құралуға өз беттерімен, тәуелсіз келуі жүрді
Тіндердің онтогенезде дамуы (гистогенез)
  • эмбриональдық гистогенез (эмбриогенезде жүреді) және постэмбриональдық кезеңде жалғасады (постэмбриональдық гистогенез)
  • ол тіндердің филогенездегі даму заңдылықтарын қайталайды (рекапитулирлейді)
  • детерминация үрдістерінің және жасушалардың дифференцировкасының, олардың көбеюінің және өлімінің, орын ауыстыруының және бір-бірімен әрекеттесуінің нәтижесі болып табылады
Эмбриональдық гистогенез
  • тіндерге дейінгі сатысыбөлшектену және гаструляция сатыларында әлі тіндік жүйелерді құрамаған әртүрлі жасушалардың пайда болуымен сәйкестенеді
  • тінге тән ерекшеліктердің дифференциялану сатысы ұрық жапырақшаларының материалынан эмбриональдық бастамалардың түзелуі кезінен басталады және маманданған жасушалардың дамуымен және олардың тіндердің жеке түрлерін қалыптастыруымен сипатталады
Постэмбриональдық гистогенез
  • эмбриогенездегі тіндердің дамуының жалғасы болып табылады
  • сонымен қатар, тіндердің үнемі жүретін жаңаруының, бейімделу мақсатындағы қайта құралуының және зақымданудан кейінгі қалпына келудің үрдістеріне сәйкес болады
Для продолжения работы требуется регистрация