Цитология жәнежалпы гистология: атлас

Back to top

Бұлшықет тіндері

Бұлшықет тіндері

  • Кеңістікте организмнің немесе оның бөліктерінің орын ауыстыруын қамтамасыз ететін жасушаішілік маманданған жиырылғыш құрылымдары бар тіндер тобы.
  • Бұлшықет тіндерінің қимылдату қызметінің құрылымдық негізін механохимиялық жиырылғыш әмбебап жүйе түзейді, жүйені нәруыздық фибриллярлық құрылымдар (филаменттер) қалыптастырады, нәруыздарға актин және миозин жатады.
  • Бұлшықеттің жиырылуы актин филаменттерінің миозин филаменттерінің бойымен сырғи жылжуының нәтижесінде өтеді, сонымен қатар актин және миозин филаменттерінің ұзындықтары өзгермейді (сырғанайтын жіптер теориясы), ал сырғанау оларды құрайтын нәруыздардың әрекеттесуінің көмегімен жүреді.