Цитология жәнежалпы гистология: атлас

Back to top

Бұлшықет тіндері

Жазық бұлшықет тіні

  • Қалыпты орналасатын мүшелеріне: ішкі мүшелер, тері (висцеральды жазық бұлшықет тіні, мезенхималық түрі), қан тамырлары (тамырдың жазық бұлшықет тіні, мезенхималық түрі), көздің нұрлы қабығы (мионейральды) жатады
  • Тіннің құрылымдық бірлігі жазық миоциттер болып табылады

Жазық миоциттер

  • бір-біріне тығыз жанаса орналасқан ұршықша пішінді болып келетін жасушалар, бір-бірімен жасушааралық саңылаулы байланыстар арқылы (нексустармен) байланысатын жәнебір бағытта орналасатын кешендер құрайтын элементтер кешенін (шоғырлар және/немесе қабаттар) қалыптастырады
  • плазмолеммамен шектелген, базальды мембранамен қапталған; ортасында орналасқан ядросы және цитоплазмасы болады
  • жиырылғыш аппарат актинді және миозинді филаменттерден тұрады, қайталанатын саркомерлік бітімі болмайды, сондықтан көлденеңжолақтылық қалыптаспайды
  • мезенхималық бұлшықет тінінде қимылдатқыш жүйкелік аяқтамамен аздаған миоциттер ғана байланысады, олардан алынған қозу жасушадан жасушаға саңылаулы байланыстар арқылы таратылады
  • жазық бұлшықет тінінің бұл түріне ұзақ баяу (тоникалық) еркін емес жиырулар және төмен шаршағыштық тән
  • в мионейральды жазық бұлшықет тінінде әрбір миоцит жеке жүйкеленеді, бұл оның жоғары жылдамдықпен жиырылуын қамтамасыз етеді