Цитология жәнежалпы гистология: атлас

Back to top

Бұлшықет тіндері

Жүректің көлденең-жолақты бұлшықет тіні
  • мүшелік орналасатын жері: жүрек (қарыншалар және жүрекшелер), қуыс венаның сағасы
  • тіннің құрылымдық бірлігі кардиомиоциттер болып табылады

Кардиомиоциттер

  • жиырылғыш(типті, жұмыскер), өткізгіш (атипті) және секреторлық деп жіктеледі
  • жиырылғыш кардиомиоциттер (саны жағынан ең көбі болып келеді):
  • цилиндр тәрізді немесе тармақталған жасушалар, бір-бірімен ендірме дискілер (жасушалардың араларындағы шекара) аймағында байланыста болады да, функциональдық бұлшықет талшықтарының біріккен торын құрайды және күшті, жылдам, ырғақты, еркін жиырылуларға қабілетті болып келеді
  • сыртынан сарколеммамен жабылған, құрамында бір немесе екі орталықта орналасқан ядросы, жолақты миофибриллалары, эндоплазмалық (саркоплазмалық) торы, көптеген митохондриялары, лизосомалары, липидтердің және гликогеннің қосындылары болады
  • өткізгіш кардиомиоциттерде, жиырылғыш қардиомиоциттерге қарағанда, миофибриллалары аз, олар жүйкелік импульстерді генерациялауға маманданған және оны жұмыскер бұлшықет жасушаларына жеткізуді атқарады
  • секреторлық кардиомиоциттер айналымда жүретін қанның мөлшерін және қан тамырларының қабырғаларының тонусын реттеуді жүргізетін гуморальды факторларды өндіруге маманданған
Көлденең-жолақты бұлшықет тіндеріндегі жиырылғыш аппарат және қозуды жеткізетін аппарат
 

Жиырылғыш аппарат жолақты миофибриллалардан тұрады

  • миофибрилланың құрылымдық бірлігі саркомер болып табылады саркомер - жіңішке актинді және жуан миозинді филаменттер жүйесі, оны кеңістікте миофибрилланың тіректік аппаратының нәруыздары тұрақтандырады

Қозуды жеткізу аппараты (саркотубулярлық жүйе) -түтікшелі мембраналық құрылымдар жиынтығы, олар сарколемманың деполяризация толқынын миофибрилланың деңгейіне дейін бүкіл ұзына бойына таратуды қамтамасыз етеді