Справка
x
Цитология жәнежалпы гистология: атлас
Главное меню
en
+A
A
A-
На главную
Вход/Регистрация
Закрыть меню
К началу
Бұлшықет тіндері
Жазық бұлшықет тіні
Қалыпты орналасатын мүшелеріне: ішкі мүшелер, тері
(висцеральды жазық бұлшықет тіні, мезенхималық түрі)
, қан тамырлары
(тамырдың жазық бұлшықет тіні, мезенхималық түрі)
, көздің нұрлы қабығы
(мионейральды) жатады
Тіннің құрылымдық бірлігі
жазық миоциттер болып табылады
Жазық миоциттер
бір-біріне тығыз жанаса орналасқан ұршықша пішінді болып келетін жасушалар, бір-бірімен жасушааралық саңылаулы байланыстар арқылы (нексустармен) байланысатын жәнебір бағытта орналасатын кешендер құрайтын элементтер кешенін (шоғырлар және/немесе қабаттар) қалыптастырады
плазмолеммамен шектелген, базальды мембранамен қапталған; ортасында орналасқан ядросы және цитоплазмасы болады
жиырылғыш аппарат
актинді
және
миозинді филаменттерден тұрады
, қайталанатын саркомерлік бітімі болмайды, сондықтан көлденеңжолақтылық қалыптаспайды
мезенхималық
бұлшықет тінінде
қимылдатқыш жүйкелік аяқтамамен аздаған миоциттер ғана байланысады, олардан алынған қозу жасушадан жасушаға саңылаулы байланыстар арқылы таратылады
жазық бұлшықет тінінің бұл түріне ұзақ баяу (тоникалық) еркін емес жиырулар және төмен шаршағыштық тән
в
мионейральды
жазық бұлшықет тінінде әрбір миоцит жеке жүйкеленеді, бұл оның жоғары жылдамдықпен жиырылуын қамтамасыз етеді
Висцеральды жазық бұлшықет тіні
Тамырлардың жазық бұлшықет тіні
Нейральды жазық бұлшықет тіні
Жазық миоциттердің жиырылғыш аппараты
Оглавление
Раздел
0
(0)
-
Страница
4
(4)
Цитология
Жалпы гистология
Негізгі түсініктер және терминдер
Эпителий тіндері
+
Ішкі орта тіндері
+
Бұлшықет тіндері
-
Көлденең-жолақты бұлшықет тіндері
Жазық бұлшықет тіні
Жүйке тіні
+
Микропрепараттардың, электрондық микросуреттердің (микрофотографиялардың) және суреттердің тізімі
Литература