Цитология жәнежалпы гистология: атлас

К началу

Ішкі орта тіндері

Ішкі орта тіндері

  • жақсы дамыған жасушааралық затымен сипатталады, оның химиялық құрамы мен құрылысы тіннің түріне байланысты әрқилы болып келеді
  • құрамына кіретін жасушалық дифферондардың санына орай ажыратылады (моно- немесе мультидифферонды болуы мүмкін)
  • тасымалдау, трофикалық, қорғаныш, биомеханикалық (тіректік) және пластикалық қызметтерді атқара отырып, гомеостазды (организмнің ішкі ортасының тұрақтылығын) сақтауға қатысады
  • даму көзі мезенхима

Жасушааралық зат (жасушадан тыс матрикс) жасушардың өнімі болып табылады, құрамында талшықтар және негізгі (аморфты) зат болады

Коллаген
талшықтары
  • фибриллярлық нәруыздардан құралған -І типті коллагендер (борпылдақ және тығыз дәнекер тіндер, сүйек тіні, тістің дентині мен цементі) және II типті коллагендер (шеміршек тіндері)
  • өте берік болып келеді және созылу қабілеті болмайды деуге болады
  • олар шоғырларға бірігіп, дәнекер тіндердің архитектоникасын және механикалық қасиеттерін қалыптастырады
ретикулярлық талшықтар
  • ІІІ типті коллагеннен құралады (ретикулярлық тін, борпылдақ дәнекер тін)
  • күмістің тұздарымен жақсы боялады сондықтан оларды аргирофильді талшықтар деп те атайды
  • үшөлшемді торларды құрап, тіректік қызмет атқарады
эластикалық талшықтар
  • эластин және фибриллин нәруыздарынан құралады
  • таңдамалы түрде орсеинмен, альдегидфуксинмен боялады
  • тармақталып, бір-бірімен анастомоздар түзейді, осыған байланысты дәнекер тіннің қайтымды деформацияға қабілеттілігін қалыптастыра алады
Негізгі (аморфты) зат
  • протеогликандар мен гликопротеиндердің макромолекулярлық кешендерінен құралған
  • гидраттандырылған немесе минералданған болуы мүмкін
  • талшықтар мен жасушалардың араларындағы кеңістіктерді толтырып тұрады, тасымалдау-қоректендіруші және тіректік қызметтерді іске асырады
Мезенхима
  • эмбриогенез кезінде мезодермадан (энтомезенхимадан) және нейроэктодермадан (эктомезенхимадан) жасушалардың көшіп шығуының нәтижесінде қалыптасады
  • детерминация сипаты әртүрлі жасушалардың және ұйыма түріндегі жасушааралық заттың жиынтығынан тұрады
  • мезенхима жасушаларының дифференцировка бағыты оларды қоршаған микроайналымына байланысты
Для продолжения работы требуется регистрация