Жүйкелік талшықтар және жүйкелік аяқтамалар (ұштар)
Жүйкелік талшықтар
- Нейроциттің өсінділері (осьтік цилиндрлер), сыртынан дәйекті түрде орналасқан глиоциттерден тұратын қабықшамен (шеткері жүйке жүйесінде) немесе олардың өсінділерімен (орталық жүйке жүйесінде) қапталған
- Глиальдық қабықшаның құрылысының ерекшелігіне байланысты миелинсіз и және миелинді жүйке талшықтарын ажыратады
- Жүйке талшықтарын құрауға қатысатын шеткері жүйке жүйесінің глиоциттері леммоциттер (шванн жасушалары) деп аталады
Шеткері жүйке жүйесінің жүйкелік талшықтары
Миелинсіз жүйкелік талшықтар
- сыртынан базальды мембранамен қапталған қалыңдығы 1-4 мкм болып келген жіпшелер, нейрондардың бірнеше (5-20) жіңішке өсінділерінің (көбінесе дендриттердің) леммоциттердің біраз бөлігінде немесе ұзына бойына леммоциттердің беттерінің тереңдемелеріне ене орнығуынан пайда болады
- және қозудың өтуін аздаған жылдамдықпен (1-2 м/сек) қамтамасыз етеді
Миелинді жүйкелік талшықтар
- сыртынан базальды мембранамен қапталған жуандығы 8-20 мкм болатын жіпшелер, оларда нейронның бір өсіндісі (көбінесе - аксон) глиоциттің бүкіл ұзындығында леммоциттердің цитоплазмасына еніп тұрады және иірімді қатпарлы (миелинді) қабықшамен қоршалған, бұл қабықша леммоциттердің плазмолеммасының дупликатурасының көптеген қабаттарынан (мезаксоннан тұрады)
- көршілес орналасқан леммоциттердің байланысатын аймақтарында миелинді қабықша болмайды және олар Ранвье түйіні деп аталады
- деполяризация толқыны бір түйіннен екінші түйінге секіре өткізіледі, сондықтан жүйкелік импульстің өту жылдамдығы жоғары (5-120 м/сек) болып келеді
Орталық жүйке жүйесінің жүйкелік талшықтары
Миелинді жүйке талшықтары
- нейроциттің өсіндісі ұзына бойына иірімді қатпарлы айналмалы қабықшамен қоршалған, қабықшаны глиоциттердің жұқа жазықтанған өсінділері түзейді (орталық жұйке жүйесінің олигодендроглиоциттері)
- бір глиоциттің денесінен 40-50 -ге дейін өсінді шығады, бұл өсінділер бір мезгілде бірнеше талшықтардың қабықшаларын құрауға қатысады
Нейрондардың миелинденбеген өсінділері
- оларда маманданған глиальдық қабықшалар болмайды
- нейроциттер мен нейроглияның араларында еркін орналасады, бір-бірінен астроциттердің өсінділерімен оқшауланады
Жүйкелік аяқтамалар
- сезімтал нейрондардың дендриттерінің және қимылдатқыш нейрондардың аксондарының ұштарының немесе аяққы бөлімдерінің жиынтығы
- қызметтік мамандануына байланысты келесі түрлері ажыратылады рецепторлық (афферентті) және эффекторлық (эфферентті)
Рецепторлық (афферентті) жүйкелік аяқтамалар - сезімтал нейрондардың дендриттерінің терминальды тармақтары:
- бос, еркін (өсіндінің сыртында глиальдық қабықша болмайды)
- бос емес капсуламен қапталмаған (өсінділері глиальды элементтермен қапталған)
- бос емес капсуламен қапталған (өсінділері глиальды қабықшамен және сыртынан - дәнекертіндік капсуламен қапталған)
Эффекторлық (эфферентті) жүйкелік аяқтамалар
- қимылдатқыш неғйрондардың аксондарының терминальдық бөліктері
- құрылымы бойынша химиялық синапстарға жатады, оның постсинапстық бөліктері жұмыскер мүшелердің (бұлшық еттер, безді жасушалар) тіндік элементтерінің плазмолеммаларының маманданған аймақтары болып табылады
- нейротамырлық (жүйкетамырлық) синапстар нейросекреторлық нейрондардың эфферентті өсінділерінің терминальдарынан нейрогормондардың капиллярлар арнасына тасымалдануын қамтамасыз етеді