Цитология жәнежалпы гистология: атлас

К началу

Жүйке тіні

Нейронаралық жүйкелік аяқтамалар (синапстар)

- маманданған жасушааралық байланыстар, олар бір нейроннан екінші нейронға қозуды жеткізуді қамтамасыз етеді

  • сипастардың келесі түрлері болады - электрлік и химиялық
  • электрлік синапстар құрылысы бойынша саңылаулы байланыстарға жатады, жүйкелік импульс екі бағытта да тасымалданады
  • химиялық синапстар - ассиметриялы құрылымдар, оларда пресинаптикалық және постсинаптикалық бөліктер болады, және оларды бөліп тұратын синаптикалық саңылау болады
  • пресинаптикалық бөлігінде везикулалар орналасқанкейінгінің ішінде нейромедиатор болады - бұл жүйкелік импульсті жеткізуді іске асыратын химиялық субстрат (нейроциттің перикарионында түзеледі және тез тасымалдану механизмінің көмегімен аксонның шетіне ауысады)
  • постсинаптикалық бөлігі - нейронның плазмалеммасының аймағы (көбінесе дендриттердің), нейромедиаторларға рецепторлары болады (синаптикалық везикулалары болмайды)
  • Химиялық синапстарда жүйкелік импульстің бір бағытта өткізілуі медиатордың, пресинаптикалық бөліктен синаптикалық саңылауға бөлініп шығуымен және рецепторлармен әрекеттесуімен іске асырылады рецепторлар постсинаптикалық бөліктің мембранасында орналасады
Нейроглия
  • Нейрондардың тіршілігін қамтамасыз ететін жүйке тінінің қосымша (тіректік, шекаралық, метаболизмдік, синтетикалық, қимылдатқыш,қорғаныштық) қызметтерді атқаратын жасушаларының жиынтығы
  • Бас миында глиоциттердің саны нейроциттердің санынан бірнеше есе артық болады
  • Негізгі түрлері: макроглия (астроглия, эпендимді глия, олигодендроглия) және микроглия (глиальдық макрофагтар)